Қаратау арқары қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Тек Қаратауда ғана таралған. Осы таудың солтүстік-батысында қаратау арқары мекендейді де, оңтүстік-шығыс бөлігінде қаратау арқарымен бірге қыс айларында Талас Алатауынан қоныс аударып келген Тянь-Шань арқары да кездеседі. Қаратау арқарының 3,5 жастағы құлжасының салмағы 70 келі, мүйізінің ұзындығы 70 – 71,5 см, жота жүні қоңырлау келеді. Үйірімен топтанып жайылады. Негізінен таулы аймақтың жазықтау алаңдарында тұрақты мекендейді. Жиі-жиі қоныс аудармайды. Қазан – қараша айларында күйекке түсіп, сәуір – мамыр айларында ешкісі қозықа табады. Егіз табатындары сирек кездеседі. Қаратау арқарының саны өте аз. 1970 жылы Қ