Алла бізді жақсы көре ме?

АЛЛА ТАҒАЛА ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЖЕТІ АДАМ 1. ҮНЕМІ ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АДАМ «Алла жолында (мал-дүниелеріңді) жұмсаңдар, өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Әрі игілік істеңдер. Шын мәнінде, Алла ықыласпен игілік істеушілерді жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 195-аят). Қасиетті Құранда баяндалғандай, Алла Тағала адамдар арасында көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беретін жомарт құлдарын айрықша жақсы көреді. Мұқтаждың мұңын бөлісіп, кем-кетікке қарайласу, мал-мүлкін Алла жолында жұмсау – қоғам арасындағы қайырымдылықты арттырып, бақытты өмір сүруге жетелейтін ізгі амалдардың бірі. 2. ӨЗ ҚАТЕСІН МОЙЫНДАП, АЛЛАДАН КЕШІРІМ СҰРАЙТЫН АДАМ «...Анығында, Алла істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтушыларды (тәубе етушілерді) жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 222-аят) Бір күннің өзінде ісімізбен де, тілімізбен де, біліп те, білмей де көп қателік жіберетініміз анық. Мейірімі шексіз Алла Тағала өз қатесін мойындап, шын өкініп, Өзіне истиғфар айтқан құлдарын жақсы көред
Back to Top