ӘМИНА ҚАЖЫ МЕШІТТЕН КЕЙІН ЖЕТІМДЕРГЕ ҮЙ САЛУДЫ БАСТАДЫ #ПЕРЗЕНТ #БАЛАЛАРҮЙІ

✅Денсаулығы сыр берсе де, өзі сыр бермей жетімдер үшін жанын шүберекке түйіп жүрген батыр Әмина қажы ана жайлы әркім әртүрлі пікірде. Бірақ қайсар да қайырымды ана үшін елдің сөзі емес, жетім балалардың жағдайы, тіпті болашағы маңызды. Әмина апаның әр күні майдан іспетті. Тіпті ауыр бейнеттен ағзаға салмақ түскен кеселден ем алып жүрсе де, кезекті химиялық терапиялық ем алып ауруханадан шыққан бойда балалар үшін қайнаған майдан тіршілікке кірісіп кететін апаның атқарғанын тепсе темір үзер азаматтар атқара алмай жүргені анық. Кезекті емінен кейін балалар үйіне келген бойда жетімдерге арналған баспана құрылысын бастаған сәтке куә болған біз небәрі жарты күнгі тіршілікті түсіріп алуға тырыстық. Оң қолымен сыртқа шығып тұрған ішегінің тұсын ұстап жүріп тіршілілікке кірісіп кеткен Әмина қажы Әжібаева апамызға Алла Тағала шипа беріп, күш-қуат берсін! Жүзден асып, балаларының қуанышына бөленіп, ойына алған арман-мақсаттарының оңтайлы орындалуына тілекшіміз! Сіз де дұға жасап, қолдау білдіріп қойыңыз! 🔰PS: Бейнехабарды Әмина апа мен балаларына қолдау ретінде түсірдік, яғни Апа тарапынан бізге қолқа салу, реквизиттерді ұсыну болған емес. Біз сіздерге қайырымды іске ат салысу үшін балалар үйінің реквизиттерін шынайы ниетпен өз тарапымыздан ұсынудамыз. #Алларазыболсын! ✅«ПЕРЗЕНТ» бабалар үйінің координаттары: Инстаграм: @perzent_kz ТЕЛ: 7 777 367 9056 7 777 000 07 02 KaspiGold 7 701 345 67 45 Амина. А. #Иман #ислам #мотивация #өмірдіңөзі #бәрімүмкін #бала #сәби #Өмір #Қайырымдылық #Мейірім балаларүйі жетім жетімбала жетімдер мейірімділік қолдай Алларазыболсын
Back to Top