Су тасқынын алдын-алу мақсатында Петропавлда бұл жұмыстар жоғары маңызға ие

Қарға қатысты тұрғындардың мәселелері шешіле бастады. Су тасқынын алдын-алу мақсатында Петропавлда бұл жұмыстар жоғары маңызға ие. Қардан тазарту ісі тәулік бойы қаланың шеткер аудандарындағы 17 көшеде күшейтілген режимде атқарылуда. 1 күннің ішінде көшелерден 15 мың текше қар шығарылды. 70 техника жұмылдырылған. Қыс басталысымен ақ ұлпаның 455 мың текшеден астамы шаһар сыртындағы 3 қар алаңына жеткізілді.
Back to Top