Түркиядағы жер сілкінісін жануарлар сезген бе?

Түркиядағы жер сілкінісін жануарлар сезген бе? Ғылыми журналдарда бұл тақырып әлі де қызу талқыланып келеді. Жануарлар жер астындағы тектоникалық қабаттардың соқтығысуын өте жақсы сезеді деп топшыланады. Дейтұрғанмен бұл теорияның тамыры ертеде жатыр. Бұл туралы ежелгі халықтарда жақсы білген, халық арасында ауызекі таралған. Осыған байланысты алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарын неміс ғалымы Мартин Викельски жүргізіп жатыр. Оның айтуынша жануарлардың түйсігі техникалық құралдармен өлшеуге келмейтін құбылыстарды алдын ала сезеді. Мартин Викельски өзінің бұл жобасын «Icarus» деп атайды. Яғни «Ғарышты пайдалану арқылы жануарларды зерттеудің Халықаралық қауымдастығы» дегенді білдіреді. Оның мақсаты жануарлардың түйсігін пайдаланып, табиғи апаттарды алдын ала болжау арқылы көптеген адамдардың өмірін сақтау. Тіпті өзінің жобасын патенттеуге өтініш беріп те үлгеріпті. Оның сөзінше егер жан-жануарлар әдеттен тыс абыржулы болып, мінез-құлықтары өзгерсе, дереу сақтық шараларын жасауы тиіс. Адам баласында 5 сезім мүшесі бар: көру, есту, иіскеу, тіл арықылы сезу, тері арқылы сезу. Жануарларда бұлардан бөлек алтыншы сезім мүшесі болуы әбден ықтимал. Табиғат апаттары (Жануарлардың алтыншы сезімі):
Back to Top