Өлең сүйер қауым халық ақыны Ф.Оңғарсынованы ақтық сапарға шығарып салды

Өлең сүйер қауым бүгін халық ақыны Фариза Оңғарсынованы ақтық сапарға шығарып салды. Поэзия падишасымен қоштасуға қарапайым азаматтармен қатар үкімет мүшелері, депутаттар да келді. Қаралы жиында сөз алғандар ақынның азаматтығы туралы тебіріне сөйледі. Фариза Оңғарсыновамен қоштасуға келгендер «Көрменің» ат шаптырым залына сыймай жатты. Арғысы Атыраудан, теріскейдегі Павлодар, күнгейдегі Алматы, Шымкенттен аязды күнге қарамастан автобуспен келгендер де баршылық. Ақынмен қоштасу үшін қайғы жамылған жұрт
Back to Top