Алматыда жаяу жүргіншіні қызметтік көлікпен қаққан полицей кінәсін мойындап, кешірім сұрады
Алматыда полиция қызметкері қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды. Патрульдік көліктің астында қалған әйел алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Ал тәртіп сақшысының өзі адамды жол апатын болдырмаудан қашып, абайсызда жазым еткенін айтады.
Оқиға бүгін таңғы сағат жетілер шамасында Алатау ауданында болған. Патрульдік көлік тізгіндеген полиция қызметкері Бақтияр Төлеутай, Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Кенет алдындағы машинаның жүргізушісі маневр жасамастан, солға бұрылыпты. Онымен соқтығысудан қашқан полк қызметкері рөлді дереу жол жиегінде тұрған көлік жуу бекетіне қарай бұрған. Сол кезде сыртта жүрген әйелді басып өтіп, газельге соғылып бірақ тоқтаған. Жасы елулердің шамасындағы әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Марқұм бұл бекетте еден жуушы болып жұмыс істеген екен. Артында екі баласы мен жұбайы қалды. Ал, 29 жастағы тәртіп сақшысының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ол өз кінәсін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады. Бақтияр Төлеу
1 view
4298
1587
5 months ago 00:00:44 1
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында іс-шара өтті
10 months ago 00:00:58 4
Қауіпсіз жол: Алматыда «оптовка» базары аймағында жол қозғалысын бақылау күшейтілді
10 months ago 00:01:03 1
«Қауіпсіз жол»: іс-шара басталғаннан бері Алматы жолдарында 58 мас жүргізуші ұсталды
4 years ago 00:01:27 1
Алматыда жаяу жүргіншіні қызметтік көлікпен қаққан полицей кінәсін мойындап, кешірім сұрады
6 years ago 00:02:36 1
Алматыда көшелердің ортасын бөліп тұрған темір қоршаулар алынып тасталады