ВЕРТОЛЕТТЕ ӨРТЕНІП, ТҮРМЕДЕ ҚИНАЛЫП, НАЗАРБАЕВТАРҒА БАҒЫНБАҒАН ҚАЗАҚ КІМ?

Qasqa Jol-да қонақта банкир, саясаткер, экономист, бұрын «Наурыз Банк Қазақстанның» басшысы, экс-қаржы вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған Оразалы Ержанов. Назарбаев билігінің айналасындағылардың қысымына ұшырап, сотты болғаннан кейін 20 жылдай көпшілік алдына шықпаған тұлға өткен өміріндегі қиындықтар мен қақтығыстар туралы өте ашық сұхбат берді. Бағдарламада Кәрім Мәсімов, Иманғали Тасмағамбетов, Әлия Назарбаева, Асхат Дауылбаев, Талғат Ермегияев, Гулнар Рақышева, Сарыбай Қалмырзаев және басқа да атышулы адамдардың есімі аталып, олардың «Наурызбанк» ісі мен басқа да оқиғаларға қатысы айтылды.
Back to Top