Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының әкімі лауазымына Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевты тағайындады.
Әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Елбасы бекіткен мемлекеттік бағдарламалардың сапалы түрде жүзеге асыруға атсалысу қажеттілігін айтты.
«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлді. Әсіресе бұл саланы цифрландырып, өнім көлемін арттыру міндеті қойылып отыр. Бұл жұмысты үйлестіруде Жамантай Бейсенбаевтың тәжірибесі мен біліктілігі жетеді деп ойлаймын. Бүгінде мұнда көктемгі егіс науқаны қызып жатыр, мақта тұқымы толық жеткілікті. Осы көктемгі уақытты тиімді пайдаланып, егін егуді ұтымды жүргізуді, экономиканы әртараптандыруды және өндіріс саласына инвестиция тартып, көкөніс пен бақша дақылдарының экпортын ұлғайтуды тапсырамын»,-деді Ж.Түймебаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі ауд