2023-QYZYLJAR TV-Ботаникалық баққа орманда табылған еліктің 2 лағы әкелінді

Ботаникалық баққа орманда табылған еліктің 2 лағы әкелінді Ботаникалық бақ тағы еліктің 2 лағымен толықты. Өңір тұрғындары анасынан айырылған оларды дер кезінде байқап, ботаникалық бақтың қарамағына тапсырған. Мамандардың айтуынша жабайы аңдардың табиғи дамуына араласудың қажеті жоқ. Тіпті далада табылған кішкентай елікке бір рет қол тигізу - анасының одан бас тартуына себеп болуы мүмкін. Ал дала жануары үйде немесе хайуанаттар бағында өсірілетін болса, өзінің табиғи ортасына қайта орала алмайды. ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: - «Табиғи ортада тіршілік етуі керек жабайы жануар. Оны өзіңізбен бірге алып кету арқылы сіз қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзасыз. Жабайы жануарларды заңсыз алып кетуге және оларды үйде ұстауға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.» Соңғы бір апта ішінде ботаникалық баққа солтүстікқазақстандықтар 2 еліктің лағын әкелді. Тасымалдау кезінде олардың біреуі жарақат алған. АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: -Бірінші болып бізге «Бэмби» атты кішкентай елік әкелінді. Оның аяғы жараланған. Қазір емдеп жатырмыз. Ол 3-4 апта ішінде жазылады. Ал «Малыш» есімді елік бізге кеше әкелінді. Оны орманға барған ерлі-зайыпты тауып алған. Жалпы еліктер ботаникалық баққа түрлі себептермен түсіп жатады. Біреуінің енесін көлік қақса, енді бірі үйірден ажырап қалған. Орталықта оларға қажетті күтім көрсетіліп жатыр. Ұлан Ыдырыс
Back to Top