Жер астынан жемтігін аулайтын жыртқыш өсімдік.

Борнео аралында ботаниктер те қоректі, құман тәрізді өсімдікті тапты - Nepenthes pudica деп аталады. Бұл жайында тілшісі Science Daily ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды. Оның таңғажайып ерекшелігі сонда – жемтігін жер астынан аулайтындығында. Жерастында өсетін құман тәрізді жыртқыш өсімдіктің ұзындығы 11 сантиметрге жетеді. Ол құмырсқаны, кенелерді, қоңыздарды қорек етеді. Оның ішінде бір түскен жәндік қайтып құтылмайды, тұтылады – жылым секілді тайғақ ішінен шыға алмайды. Ақырында сұйықтыққа батып, ас қорытатын шырында ериді. Nepenthes pudica өз құманын топырақ астына жасырады. Ол теңіз деңгеймен салыстырғанда 1100-1300 метр бикітікте, құрғақ жерде өседі.
Back to Top