Тылсым күшке ие: талдықорғандық дәрігер мал ауруын тамыр ұстау арқылы анықтайды.

Малдың тамыры арқылы ауруын анықтап, аяққа тұрғызыпты дегенге илану қиын. Бірақ, Сындар Кәлімханның көмегіне жүгініп, малын емдеткендер оның тылсым күшке ие екеніне күмәнсіз сенеді. Талдықорғандық мал дәрігері төрт түліктің дертін тамыр ұстап анықтайды. Сол арқылы диагноз қойып, ауруынан айықтырады. Осындай тылсым қасиетке ие Сындар Кәлімханның тілсіз мақұлықтарды емдеп жүргеніне 20 жылдан асыпты. Тіпті, Қытайда жүргенде мал дәрігері мамандығын оқып алған екен, деп жазады ақпарат порталы, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Адам тамырын ұстап, диагноз қоятын емшілерді естіп те, көріп те жүрміз. Ал малдың тамыры арқылы ауруын анықтап, аяққа тұрғызыпты дегенге илану қиын. Бірақ, Сындар Кәлімханның көмегіне жүгініп, малын емдеткендер оның тылсым күшке ие екеніне күмәнсіз сенеді.
Back to Top