Қырғызстандық «Құдай» «Қытайға коронавирусты мен жібердім» дейді.

Ютубта өзін “Құдаймын“ деп таныстырған қырғызстандық азаматтың сөзі көпшілікті бейжай қалдырмады. Арыстанбек Әбділдаев есімді орта жастағы қырғыз азаматы “Қытайға коронавирус жіберген мен едім“ деп дүйім жұртты аузына қаратты, деп хабарлайды ақпарат порталы, “NextTV“ телеарнасының дерегіне сілтеме жасап. Әлгі “өз-өзіне статус берген“ кісінің сөзіне иек артсақ, Қытай Қырғызстанға 4 миллиард доллар қарызын кешірмегендіктен, қарғысқа ұшырап, қауіпті дертке шалдығыпты-мыс. Бұл адамның айтуынша, әлемді дүрліктірген дертті жеңудің бір ғана жолы бар көрінеді. “Қытай қырғыз халқының ұлылығын мойындап, өз қателігін түземейінше, коронавирусты жеңе алмайды“, - деп айтып салды қырғыз жігіті Әбділдаев. Айта кетейік, Арыстанбек Абдылдаев - 2011 жылғы президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысқан саясаткер және бизнесмен екен. Ол бұрын Батыс топан судың астында қалады, қыс болмайды деп сәуегейлік жасаған.
Back to Top