Қол күресті көріп жүрміз.
Ал аяқпен күш сынастырғанды көрмек түгілі, естімеген боларсыз. Англияның Дербишир аймағында аяқ күрестіруден әлем чемпионаты өтті. Бұл спорт түрі бойынша ерлер мен әйелдер жеке сайысады. Олар алдымен оң, сосын сол аяқтарының күшін сынап, үздіктерді анықтайды. Биылғы жарыста тәжірибелі спортшылар жеңіс туын бермеді.