“Сазген сазы“ ансамблінің концертіне Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты ауылынан арнайы келген 12 жасар Сәтқозы Оразалыұлы есімді кішкентай бұлбұлдың талабына сүйсінбеген жан болмады. “Сазген сазының“ жетекшісі Сәтқозыны “Бозторғай“ байқауында кездестірген екен.(Айтпақшы, Сәтқозы биыл “Бозторғайдың“ бас жүлдесін жеңіп алды). Алматылық ағайынның алдында екінші мәрте ән салған Сәтқозыға ансамбль ұжымы “Қазақтың 1000 әні“ дискісін сыйға тартты.
Алматы, 22-қараша, 2012 жыл.