“Поэзия әлемі“ Ж.Жұмағали:
Өмірдің маxаббатсыз бар ма мәні?!
Маxаббат - жүректердің арман әні.
Жартысын жүрегіңнің табу үшін
Жер атты ғаламшардың шарла бәрін!
Сол жанға жолыққанда сезінесің
Көңілде бір тыныштық орнағанын,
Өмірде мұндай сезім болмағанын,
Арманың көкке құс боп самғағанын.
Тілеймін сүйіктісін тапқан жандар
Бағалап өтсе екен деп қолда барын,
Маxаббат оты сөніп қалмағанын,
Бақыт құсын ұшырып алмағанын.
“Сүйем“ деп серттестірген алау сезім
Қалайша сөнеді деп таңданамын.
Сүйгенін таңдайды ғой адам, бірақ
Сүймейді неге мәңгі таңдағанын?!
Автор: Д.Жігітбек