Алаш арысы Әлихан Бөкейханға арналған күй 2016

Осыдан бірер ай бұрын Ұлт мақтанышы Әлихан Бөкейханға Елорда төрінде ас беріп, баба рухына Құран-хатым бағыштады. Игі бастаманы Алаш аманатына адалдық танытып, “Алаш“ партиясының рухани ізбасары атанған «Ақ Жол» ҚДП ұйымдастырды. Дәл осы күні алаш арысына арналған “Әлихан“ деген күйдің алғашқы орындалуы өтті. Бабамыздың құрметіне орындалған “Әлихан“ күйін Қазақ ұлттық университетінің проректоры, күйші Тұрар Әліпбаев орындады.
Back to Top