Келесі жағалау

Другой берег / 2009 12 жасар Тедо анасы Кетомен бірге Тбилисидің шет жағындағы жұпыны бір лашықта тұрады. Тедо көлік жөндеу орталығында жұмыс істейді, бар тапқан ақшасын анасына береді. Бірнеше жыл бұрын Тедо мен Кето Абхазиядағы үйлерін тастап, осы жаққа келуге мәжбүр қалды. Елдегі азаматтық соғыс оларды барлығынан айырды,отбасы екіге бөлінді, арғы жағада Тедоның әкесі қалды. Кетоның бұл жақта көңіл қосқан ойнасы бар, және ол әсте күйеуімен қайта қосылуды ойламайды. Анасының бұл қылығына қатты қапалы болған ол бір күні әкесіне кетпек болып, жолға шығады. Абхазияға барар жолда ол көптеген жандарды кездестіреді, барған жерінің бәрінде бірдей қуана қарсы алмайды. Осы саяхатта ол көп нәрсені көзімен көріп, өмірдегі маңызды деген нәрселерді үйренеді. Әсіресе арғы жағадағы көктің әрқашан жасыл болмайтындығын көреді.
Back to Top