Жамбылдың Жастық Шағы

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабайұлының жастық шағы мен оның ақындық жолы жайында түсірілген фильм ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойына арналған. Сценарийін жазған Мырзатай Жолдасбеков.Фильмнің түсірілуіне демеушілік еткен – Г.Старикова, В.Қодарова, Б.Қасымжанова, О.Карпенко. Ғылыми бас кеңесші – Филология ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанғали Сарыбаев. Кеңесші – Филогогия ғылымдарының докторы Нысанбек Төреқұлов. Директоры – Нұрлыбай Есімғалиев. Аталған фильм 2001 жылы түсірілген. Жамбыл - эпик, әрі айтыс ақыны. Ол абыз жырау, жауынгер жыршы. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. Ақының «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгеріст
Back to Top