«Мәдениетім мерейім» өнер фестивалін Бәйдібек ауданының өнерпаздары жалғады. Шымкент төрін әнге бөлеп, сахнаның сәнін кіргізгендердің ішінде мектеп оқушыларынан бастап ұстаздар, қызметкерлер, тіпті зейнет жасындағылар да бар.Қазақ хандығының — 550, Ұлы Жеңістің 70, Ата Заң және Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай ұйымдастырылғын мерейлі мереке Шымкенттік тұрғындардың көңілінен шықты.