АЛҒАШ ҚАҒБАҒА ШИРІКТІН КІРУІ ЖӘНЕ ҚАҒБАНЫ ТЫР ЖАЛАҢАШ ТАУАП ЕТУІ...ШЕЙХ НҰРСҰЛТАН РЫСМАҒАНБЕТҰЛЫ

Ибн Аббас былай деуде: «Бұл есімдер Нұһ қауымындағы ізгі кісілер еді. Ол кісілер өлгеннен кейін шайтан осы қауымға соларды ұмытпай еске алып тұру үшін бейнелерінен пұт жасауға ой салды. Халық олардың бейнесін мүсіндеп жасағанмен табынған емес. Бірақ кейінгі ұрпақ о баста мүсінді пұттардың не үшін қойылғанын білместен, табына бастады» (Бұһари, Тәпсір, 71). Арабтардың діни сеніміне ширкті алғаш енгізген адам Амр ибн Лұхайя болған деседі. Расулалла (с.а.у.): «Амр ибн Амир әл-Хұзаиды тозақта ішектері шұбатылған кейіпте көрдім. Бұл халықты адастырған жан» (Mүслим, Жәннат, 13) деген. Амр Шамға барған сапарында Мааб деген жерге соғады. Ол жерде хазірет Нұһтың тегінен әлдекімдердің жекеленіп пұтқа табынғанын байқайды. Себебін сұрағанда: «Пұттардан көмек сұраймыз, көмек береді. Жаңбыр сұрасақ, жаңбыр береді» деген жауап естиді. Қызыққан Амр олардан бір пұт сұрайды. Олар Хүбәл атты пұтты береді. Амр сол пұтты Меккеге әкеліп, ел көретін жерге қояды. Халық содан бастап сол пұтқа табына бастайды.
Back to Top