Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің концерттік маусымының жабылуы

6 маусым күні «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің концерттік маусымының жабылуы өтті. Кеш шымылдығын оркестр дәстүр бойынша Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйімен ашып, Құрманғазының «Серпер», А.Жұбановтың «Қазақ маршы», Сүгірдің «Аққу» туындыларын, Ә.Алпысбаевтың «Орбұлақ таңы» күй-поэмасын, Е.Доганың «Розовый вальс», Д.Шостаковичтің вальсі мен Ж.Чулуунның «Уран Хас» балетінен вальс және тағы да басқа туындыларды тарту етті. Бірлестіктің жеке орындаушылары: халықаралық конкурс лауреаттары Айгүл Аужанова Ә.Толғанбаевтың «Боз жорға» шығармасын, Рысты Рахымжан Н.Тілендиевтің «Кел, еркем, Алатауыңа!», Кьяраның «Болеро» әнін, ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов Моцарттың «Дон Жуан» операсынан «Дон Жуанның ариясын», Т.Тайбековтың «Жас дәурен» әнін орындады. Бағдарлама дирижерлары – ҚРеңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев пен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей. Жүргізуші – Мейрамгүл Кәріпжанова. _____________________________ 6
Back to Top