Елбасы Түркістандағы бірқатар мәдени-әлеуметтік нысанды аралады
Соңғы екі жылдың ішінде қайта түлеген Түркістанда 257 ғимарат салынып, пайдалануға берілген. Бұл жайында бүгін Елбасы Түркістанға сапары барысында айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қаланың даму қарқынымен танысып, бірнеше мәдени-әлеуметтік нысанды аралап көрді.
Жарлық шығып, көне Түркістан жаңарудың жолына түскелі бері үш жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында атқарылған орасан жұмысты құрылыстың қарқынынан, экономикалық көрсеткіштерден аңғаруға болады. Ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы болған, 21 хан мен ұлттың игі жақсыларының мәңгілік мекеніне айналған киелі шаһарды түлетудің жоспары 2050 жылға дейін есептелген. Елбасы Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу салтанатына қатысты. Киіз үй пішіндес кешендегі 21 уыққа Жәнібек пен Керейден бастап Кенесары Қасымұлына дейінгі қазақтың 21 ханының есімі жазылған. Ал ортада тұрған 12 метрлік асатаяқтың түбіне төрт тау текенің мүсіні орнатылған. Осы жерде Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Дала бірлігі» капсуласын салды. Капсуланың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінд
1 view
148
38
4 years ago 00:10:16 1
Елбасы Түркістандағы бірқатар мәдени-әлеуметтік нысанды аралады