Теннис орталығы🎾🏸 #түркістан #turkestan #туркестан #2023 #теннис

Теннис орталығында кәсіби және әуесқой сабақтарға қажеттінің бәрі бар: корттар, душ кабиналары бар шешінетін бөлмелер, тренажер залы, теориялық сабақтарға арналған конференц-зал, футбол алаңы, жүгіру жолы, кафе. Спорт нысанының жалпы ауданы-5000 шаршы метр. Мұнда 11 корт, жанкүйерлер отыратын орындар бар. Барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта осында республикалық, халықаралық жарыстар өтіп тұрады. Жасөспірімдеріміз бен жастарымыз, тенниссүйер қауым осында шеберліктерін шыңдайды.
Back to Top