Tiktogram: @lanmukashev
Одесса - Киев, Харьков, Днепр деген қалалармен қатарлас, Украинаның 4 ең басты қалаларының бірі болып саналады.
Және Одессаның орны ерекше, бұл стратегиялық және экономикалық маңызды қала, өйткені Украинаның ірі теңіз сауда және әскери порты осында орналасып Қара теңізге шығатын аймақ болып келеді.
Халық саны - 1 миллион.
Жыл сайын Одессаға 3 миллион турист демалуға келеді.
Ауа райы өте ылғалды 75%, сондықтан 25 градус болып тұрсада, моншадағыдай қара терге түсесің.