Әскери билет сатылады! Ақ билет, яғни жарамсыздықты айқындайтын құжат - 100 мың теңге. Көк, борышын өтеді деген билет - 150 мың теңге. Қазір әлеуметтік желіде осы тектес хабарландырудан көз сүрінеді. Ақшасын төлесең болды, мекен-жайыңа дейін жеткізіп береді-мыс. Бірақ, өтінішіңді орындаушылар клиентпен бетпе-бет кездеспейді. Тек мессенджерлер арқылы тілдесіп, тауарды 3-4 күнде жасап береміз деп уәде береді. Қолдарынан келмейтіні жоқ, әскери билеттен бөлек, көлік жүргізу куәлігін де оп-оңай жасап береміз, - дейді. Бұл қаншалықты заңды?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!