Ауылдастары сержанттың қаруды бір өзі тонағанына сенбей отыр
Аптаның ең басты айқай-шуы. Ши тағы да сол Шымкенттен шықты. Шаһардың іргесіндегі әскери бөлімшедегі келісімшартпен қызмет ететін сарбаз қару алып қашты деп жұрт шулады. 30 Калашников автоматы, 27 Макаров тапаншасы мен 500 оқ. Былайша айтқанда бір ротаның қаруы. Еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Қауіпсіздік комитеті тізе қоса отырып, қолға түсіру операциясын ұйымдастырды. Күдікті қолға түсті. Десе де.
Десе де, Абылай Балғынбайды жұрт жамандыққа қимай отыр. Ауылдастары кіші-сержанттың соншама көп қаруды бір түннің ішінде жалғыз өзі арқалап кетуі мүмкін емес дейді. Бұл қылмыстың сыртында базбір күштер тұруы мүмкін деп топшылайды. Олардың пайымдауларынша күштік құрылымдар айран ішкенді емес, шелек жалағанды ұстап отыр. Айдың күннің аманында қарулы күштер, тәртіп сақшыларын тік тұрғызған Абылай Балғынбай кім?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
70 views
11
1
5 years ago 00:05:55 113
Ауылдастары сержанттың қаруды бір өзі тонағанына сенбей отыр
5 years ago 00:02:34 42
Сержанттың сонша қару-жарақты жалғыз өзі алып кетуі мүмкін емес