азАгро бонус шін азына аржысын банкке салан

«ҚазАгроның» қағаздарын тағы да қазбалап жатыр. Бұған дейін бөлінген ақшаны ұшты-күйлі жоқ қылады деп президент те, депутаттар да қайта-қайта шүйліккен Ұлттық басқарушы холдингтің бүгін тағы бір былығы белгілі болды. Холдингтің еншілес компаниясы заңсыз сыйақы үшін 11 млрд теңгені банкке салған. Негізінде ол ақша шаруаларының мәселелерін шешуге бағытталуы керек екен. Ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие ретінде таратылуы тиіс қаражаттың қалайша екінші деңгейлі басқа бір банктің есеп-шотында тұрғаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жүргізіп жатқан тергеуі барысында анықталады. Жылда бюджетке үлкен салмақ салатын, ол аздай халықтың зейнетақы қорына да қол созатын, сөйте тұра белшесінен қарызға да бататын “ҚазАгроға“ қатысты тергеу енді ғана басталды деді Жемқорықпен күресуші агенттік басшысы Алик Шпекпаев #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top