«Құнанбай» көркем фильмі (реж: Досхан Жолжақсынов, 2015 ж.)

«Құнанбай» фильмі атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы бұрынғы Семей облысы қасиетті Шыңғыстаудағы Ақшоқы қыстауында дүниеге келді. Барлығына белгілі Құнанбайға жалпы ел билеу ісі, одан қалды ағайын арасындағы шиеленістер мен ру аралық дау-шарларды шешу оңайға түскен жоқ. Сондай сәттерде ол қашанда әділетке жүгінді. Құнанбай өз халқының жанашыр перзенті ретінде қалың бұқара алдындағы қарызы мен парызын терең түсінді. Ол баласы Абайдан мол үміт күтті. Оны ел жастайынан ел билеу ісіне баулыды. Алайда Абай (Ибраһим) әкесі к&
Back to Top