Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне алғаш қадам басқан 156 оқушы үшін АРМАНДАРДЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫРҒАН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ соғылды. Облыстың түкпір-түкпірінен сараланған үздіктер “Білім күні“ мерекесінде алғаш рет Атыраудағы Елбасы мектебінің табалдырығын аттады. “Бүгінгі тарыдай балғындар, күні ертең-ақ таудай болары сөзсіз. Олардың бұл салтанатты қадамы оқу орынның тарихында алтын әріптермен жазылатыны шындық“, - деп атап өтті мектеп директоры Айдарбек Айтпөкешев.