КӨҢІЛ СЫРЫ

КӨҢІЛ СЫРЫ. Бұл да біздің жастық шағымыздың көп белгілерінің бірі болған Сүгірәлі Сапаралиевтің әні еді. Сүгірәлінің өз дауысына теңесер дауыс ешкімде жоқ болатын. Баянымен қосыла шырқалған зор үнімен өз әндерін тамылжыта салатын еді-ау! Денсаулығының болмауына орай ғасырдың жарымындай жасында ән салумен қоштасқан ол тыңдаушылар сапында сексеннің сеңгіріне қарай ұмтылып келеді. Сайлаухан ЖАРТЫБАЕВ.
Back to Top