Тауга шыгу, шынга шыгы

«Әр биіктікте – бір жетістік бар» 18 қазан. Театр артистері таңғы 5-те тұрып, театрда 6-да жиналып, Алатау бөктерін бетке алды. Мақсаттары айқын: ТИМБИЛДИНГ – шыңға шығу, биіктікті бағындыру. Өйткені, олардың әрбірі «әр биіктікте – бір жетістік барын» біледі. - Міне, осылай... Біздің театр – Ғ.Мүсірепов театрының ұжымы жаңа биік белестерді бағындырды. 2 мың екі жүз метр биіктік! Бұл дегеніміз, жоғары қарай екі шақырым, екі жүз метрге аспандау деген сөз! Бұл – Біздің жетістік! 2200 метр биіктікті бағындыру үшін, Алатау етегінен шыңға қарай 14 шақырым түрлі қиындықтарды артта қалдырып, алға қарай ұмтылу, адымдау – жаяу екпіндеу ерлігі тұрды! Белестен белеске шығу, асудан тауға асу оларға оңай соқпағаны анық. Әйтсе де, Біздің театр жастары кедергілерден қалай шығуды біледі. Ізденіс түбі – жетістік! Бұл– әзірше, Біз бағындырған шың! Болашақта Біздің ұжымның бұдан да биік шыңдарды бағындыра береріне сеніміміз зор! @ #БҰЛБІЗДІҢТЕАТР🎭 #ҒАБИТМҮСІРЕПОВТЕАТРЫ🎭 #74_маусым #тюз
Back to Top