Той жасаған Түркістандық азаматқа айыппұл салынды

Түркістан қаласының тұрғыны той жасаймын деп басы дауға қалды. Осыған дейін өңірдің ақжағалылары төтенше жағдайға байланысты тойхана иелеріне жұмыстарын тоқтата тұруды тапсырған болатын. Тиісінше, жеке кәсіпкерлер де тапсырыс берушілердің қуанышты күндерін басқа мерзімге шегіндіруге мәжбүр болған еді. Әйтсе де, жергілікті тұрғын бұл уәжге көнбей осыдан әлдеқашан бұрын белгіленген баласының сүндет тойын үйінің ауласында өткізуге ұйғарған. Қазірде той мейманы түсірген бейнежазба әлеуметтік желіні шарлап кетті. Оған шамамен 50-60 адам жиналғанға ұқсайды. Тұрғынның көршілері той иесінің атаулы күнді отбасылық жағдайына байланысты бұрын да бірнеше рет шегергенін айтып отыр. Аталмыш жайт, құзырлы орган өкілдерінің назарынан тыс қалмады. Азаматқа қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Істі қараған судья болса, азаматтың толық өз кінәсін мойындағанын айтады. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top