Коронавируске қарсы қабылданған шектеулер отандық кәсіпкерлердің тынысын тарылтып барады. Әсіресе, жылыжай шаруашылығымен айналысатындар шетінен шығынға батуда. Шеттен жеткізілетін минералды тыңайтқыштар мен өсімдік қоректері шекара жабылғалы бері елімізге кіргізілмей жатыр. Салдарынан, Түркістан мен Шымкенттің шаруалары банкротқа ұшыраудың сәл-ақ, алдында тұр. Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, кәсібін өрге дөңгелетіп отырған мыңдаған диқан тығырыққа тірелулері әбден мүмкін. Шекара жабық. Өзге елден тасымалданатын қоректер жоқтың қасы. Шаруалар сонда не істемек?
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!