Медсақтандыру туралы білесіз бе?

Бір айға жетер -жетпес уақыт қалды, елдегі емханалар жаңа Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Оған сәйкес жұмыс беруші де, жұмыскер де табысының белгілі бір пайызын қорға аударуға міндеттенеді. Сосын бас ауырып, балтыр сыздағанда сол қаржатқа тегін ем-домын ала-алады! Іс-жүзінде көпшілік жаңа өзгерісті түсінген жоқ деуге болатын шығар. Себебі ауырғанда кімге, қашан және қайда бару керек деген қарапайым сауалдардың өзіне жауап таппаған жұрттың қарасы көп. Өйткені, кей емханалардың өздері ауыз толтырып ақпарат бере алмай жатқан көрінеді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top