Өзін «ұрлатқан» әйелді полиция тұтқындады

Әйелдің қулығы жүзеге аспады! Елордалық полиция департаментіне “келіншек пен оның екі баласын біреулер ұрлап кетті“ деген хабар түсіпті. Жедел-іздестіру шараларына кіріскен тергеу тобы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әйел мен оның балаларының белгісіз біреудің жеке көлігімен қаладан шыққанын анықтаған. Машина Балқаш қаласына жетпей жолда ұсталыпты. Тергеу кезінде полиция қызметкерлері оқиғаның кей тұстары бір-бірімен қабыспайтынын түсініп, мұны келіншектің өзі ұйымдастырғаны белгілі болды. Оған тағы екі адам көмектескен. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top