Алла Тағала жәннатты жаратты да, оны көріп келуге Жебірейіл періштені жұмсады. Ол келгесін: «жәннатым қалай екен?» деп сұрады. Періште: «Адамдар мұның қандай екенін білсе, бірі қалмай осында ұмтылар еді» деді. Алла жәннаттың айналасын ұзақты күнгі ораза, тәтті ұйқы кезіндегі намаз, қиыншылықтағы сабыр, азға қанағат, жанға жақын мал-дүниеден берілетін зекет секілді нәпсіге ауыр тиетін нәрселермен қоршады да, Жебірейілді көріп келуге қайта жіберді. Ол келгенде: «бұған енді ешкім кіре алмайтын шығар деп қорқам