Әуежай есепшісі тергеу изоляторында өз-өзіне қол салмақшы болды
Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының бұрынғы бас бухгалтері өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Тергеу изоляторында отырған есепшінің бұл әрекеті туралы сот процесі кезінде айтылды. Әуежайдан 1,7 миллиард теңге жымқыру дерегі бойынша өтіп жатқан сот ісінде әуе айлағының бұрынғы басшысы Радильбек Адимолда және бас есепші Әлия Бабашевадан бөлек тағы 6 адам жауап беруде. Бухгалтер бірнеше айға созылған тергеуден шаршады ма, кім білсін, қамауда дәрі ішіп өлмек болған екен. Айта кетейін, өткен жылдың сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан әуежайынан ұзақ жылдар бойы ақша жымқырылғанын анықтап, оған қатысты тергеу бастаған еді. Бұл іс бойынша басты күдікті “Астана “халықаралық әуежайы“ акционерлік қоғамының бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашева болды.
27 views
3
2
4 years ago 00:00:44 44
Әуежай есепшісі тергеу изоляторында өз-өзіне қол салмақшы болды