Кәсіп ашуға берілетін грантты пара ұсынғандар алып жатыр

Бизнестің жол картасы мемлекеттік бағдарламасы бар. Ол кәсіпкерлікті дамытуды көздейді және шаруасын дөңгелеткісі келетін азаматтарды жан-жақты қолдауға бағытталған. Шағын бизнестің аяқтануына септігін тигізетін тетіктердің бірі грант бөлу. Яғни қайтымсыз ақша беру. Мемлекет 2-ден 5 миллионға дейін кәсіп аш деп қаражат береді, үміткер оны пайдаға асырып жұмысын жөнге келтіруі тиіс. Алайда. Алайда осы тұста бармақ басты көз қысты әрекеттер бар. Жаңағы гранттың ақшасын алып, кәсіп ашудың орнына үйін жөндеп, көлік мініп, я кредиттерін жауып алатындар жетіп артылады екен. Құжатта қырып жоямын деп бизнес жоспар көрсетеді, оны өткізу үшін әлгі 2-3 млн теңгесінен шапка береді. Яғни пара. Шағын кәсіппен шындап айналысам дейтіндер осындай келеңсіздіктер болып жатыр деп дабыл қағуда. Миллиондарды қайдам, 555 мың тг грантты алу үшін де береді екенсің.
Back to Top