Сәтбаевта бала зорлады деген күдікті изоляторда өз-өзіне қол салды
Сәтбаевта 5 жасар баланы ұрлап, зорлады деп айыпталған ер адам тергеу изоляторы камерасында өлі табылды. Ол өз-өзіне қол салған көрінеді. Полицейлердің мәліметінше, марқұмның денесінен ешқандай да дене жарақаттары байқалмаған. Осы факт сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде. Еске сала кетейін, Сәтпаев тұрғындарын дүр сілкіндірген оқиға 23 шілде түнгі уақытта болған еді. Жоғалып кеткен бүлдіршінді бүкіл қала болып іздеген. Нәтижесінде, кішкентай қыз пәтерлердің бірінде табылды. Оның жанында 62 жастағы қала тұрғыны болған. Күдіктінің үстінен “адам ұрлау“ “кішкентай баланы зорлау“ бабымен қылмыстық іс қозғалған болатын.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
26 views
1
1
9 months ago 00:04:15 1
Ата-анаға кеңес. Баланы мектепке неше жаста берген дұрыс?