Бүгіннен бастап, Үкіметтегі әлеуметтік мәселелер жөніндегі блокты Дариға Назарбаева қолға алады. Президенттің жарлығымен Дариға Нұрсұлтанқызы премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал, бұған дейін вице-премьерлік қызметте болған Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болды. Ал, саунадағы үш әкімнің бірі ретінде аты аталған Нұралы Сәдуақасов орнынан кетіп, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.