«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың барлық аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды .
Жуық күндері синоптиктер елдің солтүстік жартысында негізінен қар қапалақтап, оңтүстік облыстарда қатты жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжауда.
“Қазақстанда желдің күшеюі күтіледі, солтүстік облыстарда тұман, көктайғақ болады. 14 сәуірде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде салқын ауаның ыдырауы және ауа температурасының 10 градусқа күрт төмендеуі күтіледі“, - делінген хабарламада.