“Қоғамдық лекция. Қостанай“ жобасында Айбек Қалиев

“Қоғамдық лекция. Қостанай“ жобасының тұңғыш лекторы - айтыскер ақын Айбек Қалиев болған болатын. Бейненұсқа екі бөлімнен тұрады. Бұл алғашқы 30 минуттығы. ІІ бөлімі жастардың сұрақ-жауабы арқылы жалғасатын болады. Бірақ, сәл кейінірек. Ал мұнда жастардың бүгінгі мәселелер жайлы айтылды. Айбек Қалиев олардың кемшін тұстарын жеткізе отырып, артықшылықтары мен мүмкіндіктерін де тілге тиек етеді. Сәйкесінше, мықты мысалдар мен мардымды аргументтер де ұсынады. Мұның бәрін айтыскер ақынның өз аузынан естігендеріңіз дұрыс болар еді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жастардың кездесу жайлы ұсынысын кері итермей қабыл алғаны үшін ақынға зор алғысымызды жеткіземіз. Ендеше сөз кезегі құрметті қонағымызда...
Back to Top