Облыс әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Оралда азаматтардың Жер кодексіне қатысты өз ұсыныс-пікірлерін айтуына жағдай туғызу мақсатында қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру қолға алынды. Мұнда тұрғындар жұмысқа орналасу, несие алу, өз кәсібін бастау, тұрғын үй және бизнес жүргізуге қажетті жер теліміне қол жеткізу секілді түрлі сауалдарына жауап ала алады. Азаматтар облыс әкімінің, салалық басқармалар басшыларының, қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттарының қабылдауында болып, ұсыныстары мен көкейіндегі сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Back to Top