Зина жасауды тақтата алар емеспін

Зинақорлық жайлы Құранда қандай аяттар бар? “Фурқан“ сүресінің 68-70 аяттарында зинақорлық жайлы былай делінген: “Олар (мүміндер) Алламен бірге басқа құдай шақырмайды, хұқтары болмаса Алла тыйымына қарсы кісі өлтірмейді әрі зинақорлыққа да бармайды. Ал кім соларды істесе ол жазаға жолығады. Қиямет күні оған деген азап еселене түседі де, ол сонда қор болған күйде мәңгілікке қалады. Алайда кімде-кім тәубе қылып, иман келтіріп және ізгі іс істесе, міне солардың жамандықтарын Алла жақсылықтармен алмастырады. Шынында да Алла өте кешірімді әрі аса рахымды“. Ал “Исра“ сүресінің 32-аятында зинаға мүлдем жоламау керегі ескертілген: “Және зинаға жақындамаңдар! Расында ол бір азғындық және жаман жол.
Back to Top