Жол апатынан бір отбасы мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы мерт болды. Қаза тапқандар арасында кәмелет жасына толмаған екі бала бар. Қайғылы оқиға “Өскемен-Алтай“ тас жолында Глубокое ауданының маңында болған. Полицейлердің мәліметінше, жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне аударылып, отқа оранған. Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Салоннан олардың күйік шалған денелері ғана табылған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram: ​ Подписывайтесь! Наш сайт - ​ Vkontakte - ​ Facebook - ​ Twitter - @1tvkz​ – ​ – instagram - Qoslike -
Back to Top