Алматыда жұмыссыздар саны азайды. Былтыр шаһар бойынша статистика 5,3 пайызды құраса, биыл 5,2-ні көрсетіп отыр. Сондай-ақ, тұрақты жұмыспен қамтылғандардың жалақысы да 30 пайызға өскен. Толығырақ тілшісі Аяулым Көлжігіт тарқатады.
23 жастағы Төрежан Қасымбекұлы жұмыспен қамту орталығына қызметке тұрғанына 2 жыл болған. Жоғары оқу орнында білім алған соң, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу қиынға соғыпты. Себебі көп мекеме іс-тәжірибенің жоқтығын сылтау қылған. Көп уақыт жоғалтпастан, «жастар тәжірибесі» бағдарламасына өтінім беріп, 6 ай бағын сынаған.
«6 ай өзімді жақсы көрсеттім. Жақсы жұмыс жасағаннан кейін бе, мені осы жерге тұрақты жұмыс орнына алып қалған болатын. Бұл бағдарлама өте жақсы жасалған бағдарлама», – деді «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысушы Төрежан Өтеген.
Жас мамандарды еңбекпен қамтыған осындай бағдарламалардың бірі – «Қоғамдық жұмыстар» жобасы. Азаматтарды 12 ай көлемінде уақытша еңбекпен қамтитын бастама жұмыссыздар үшін айтарлықтай қолдау дейді қатысушылар.
«Бұл ж
2 views
644
183
3 years ago 00:02:26 2
Алматыда жұмыссыздар саны азайды ()
5 years ago 00:02:41 4
Еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие ()