Алматыда студенттің өлімімен аяқталған төбелеске ұялы телефон себеп болған

#КТКжаңалықтары Баланы өлтіргендердің бәрі жазаға тартылуы тиіс! Алматыда құрдасының қолынан қаза тапқан колледж студенті Дастан Мұсаханның анасы ұлын бір адам өлтірді дегенге сенбейді. Кінәлілердің бәрі бостандықта жүр дейді ол. Динара Ыдырысованың айтуынша, курстастар арасындағы ерегіс телефонды старостаның тартып алуынан басталған. Содан шыққан кикілжің адам өлімімен аяқталыпты. #Алматы #колледж #студент #өлім
Back to Top