Қостанайда болған жарылысқа қатысты алғашқы болжам айтылды

#КТКжаңалықтары Қостанайда газ жарылып, екі қабатты ғимараттың тас-талқаны шықты. Қатты дүмпудің соңы өртке ұласып, көлік жөндеу орталығы мен дөнер әзірлейтін дәмхана түгел жанып кетті. Болжам бойынша, көліктерге көгілдір отын орнататын бекетте газ жабдығынан ақау шыққан. Оқыс оқиға салдарынан жеті адам зардап шекті. #Қостанай #жарылыс #өрт #ғимарат #газ
Back to Top