#КТКжаңалықтары
Қазақстанда балаларға екпе салу міндеттелмейтін болды. Ата-аналарға вакцинадан бас тарту құқы берілмек. Дәрігерлер жіберген қателігіне енді жеңіл түрде жазаланады. Бұл өзгеріс ақ халаттыларға деген құрметті арттырады деп сенеді сенаторлар. Ұзақ талқылаудан соң, Жоғары палата «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске бірнеше өзгеріс енгізіп, Мәжіліске қайтарды.
⠀
#Қазақстан #екпе #вакцина #балалар #атааналар